Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың Қазақстанға сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ӨР Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті деп жазды azattyq-ruhy.kz.
Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының Түркістан-Ташкент бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күндері) ұшатыны келісілді.
Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр.