Белгілі журналист Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Orda.kz президенттіің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
— ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен президент баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды, – делінген жазбада.
Берік Уәли Ержан Байтілестің «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді басылымдарда атқарған еңбегін тілге тиек етті.
— Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр, – дейді Берік Уәли.