03.06.2021, 16:40

Вакцина салдырғандарға «жасыл» мәртебесі берілетін болды

Фото: sputniknews.kz
3 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 158 946 адам вакцина салдырды

Келесі аптада вакцина алған барлық қазақстандыққа Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебе беріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Келесі аптаның басында вакцина салдырғандардың бәрі Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болады деген жоспар бар», - деді министр.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.