2 маусымда кешке Курчатов қаласы маңындағы жазық дала өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт 40 гектар аумақты шарпыған. Құтқарушылар тілсіз жаумен түні бойы арпалысыпты.
2 маусымда кешкі сағат 19:00-де басталған өрт таңғы сағат бес шамасында әрең басылды. Өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар да көмектесті, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.