$ 443.35  475.54  4.82

Жамбылда үш күнде көші-қон заңын бұзған 31 шетелдік анықталды

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысының аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш күн ішінде жамбылдық полицейлер Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 82 шетелдікті анықтады.

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімі бойынша ТМД-ның 31 азаматы елден шығарылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін - 6 жұмыс беруші және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін - 123 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзғаны үшін Қордай ауданында ел азаматына қатысты бір қылмыстық іс қозғалған.

«Полицейлер қолданыстағы заңнама аясында көші-қон ағынын реттеу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Бұл мәселе облыстың ПД басшылығының ерекше бақылауында» деп атап өтті ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары