Дәрігерлер Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жәбірленушілер көптеген жарақат, травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді. Біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханада. Оның иығы сынған, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр, жағдайы ауыр", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда алкоголь мен есірткі қолданған 1997 жылғы жүргізушінің автобус аялдамасында үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған.