$ 494.87  520.65  4.91

Орыс отбасы баласына тұсау кесу рәсімін жасады

Бүлдіршін тәй-тәй басып барып кілтті таңдады. Туыстары оның бұл таңдауын «көліктері көп болады», деп болжады.

Қазақстандықтарды орыс ұлты өкілдерінің қазақы салтпен баласының тұсауын кескен бейнеролик таң қалдырды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Тұсау кесу - әрбір қазақ отбасындағы маңызды оқиға. Рәсім бала алғаш қадам жасай бастаған кезде жасалады.

Жақында әлеуметтік желілерде ерекше бейне пайда болды. Онда орыс ұлты өкілдерінің қазақы салтпен «Тұсау кесу»  дәстүрін ұйымдастырғанын көруге болады.

Бала жолына ақ мата жайып, оның үстіне кілт, кітап, ақша, телефон сияқты бірнеше зат қойған.  Бүлдіршін тәй-тәй басып барып кілтті таңдады. Туыстары оның бұл таңдауын «көліктері көп болады», деп болжады.

Қазнет пайдаланушыларын басқа ұлт өкілдерінің қазақ дәстүрлеріне осындай құрметпен қарағандығы таң қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары