Назарбаев Зияткерлік мектебінде үміткерлер емихан тапсыру кезінде сыныпты кварцтауға арналған ультракүлгін шам өшірілмей қалған, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.
Нәтижесінде кварц астында сынақ кезінде төрт оқушы жедел жәрдем көлігімен №2 көбейінді қалалық балалар ауруханасына ауруханаға жеткізілген.
Астана Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен төрт оқушының тексеруден өткенін мәлімдеді.
«17 жастағы үш бала және 2005 жылы дүниеге келген бір бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін мамандардың тексеруінен өтті. Барлығының жеңіл деңгейде көз алмасы зақымданған. Мамандар оқушыны тексеріп, кейін олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберді», - делінген басқарма хабарламасында.