Соңғы жаңалықтар

емтихан
Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді

Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді

2019 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігнен ұсынылған Әміржан Сәғидрахманұлы Қосановтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. 

Елімізде 1 шілдеден бастап жүргізушілерден емтиханды ХҚКО-ның қызметкерлері алады

ІІМ 1 шілдеден бастап тіркелу, емтихан тапсыру бөлімін жабады, деп хабарлайды Stan.kz

Тоқаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, бірде-бір сұрақтан сүрінбей өтті

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша емтихан тапсырып жатыр

ОСК-да лингвистикалық комиссияның отырысы өтуде. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша емтихан тапсырмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған түлектерге талап күшейтілді

 ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева келесі жылдан бастап медицина саласын таңдаған талапкерлерге талап күшейтілетінін айтты деп жазады BAQ.KZ.

8 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсыра алмаған

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күндік нәтижесі бойынша 8 499 оқушы емтиханнан өте алмады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты деп жазады Baq.kz.

Брифингте Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшкүндік нәтижесін баяндады.

«Тіркелген өтініштердің саны – 61 098. Нақты Ұлттық бірыңғай тестілеуге 58 967 түлек кірді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1%-ке жоғары, яғни биылғы көрсеткіш 96,5%-ті құрап отыр. Шекті балды алғандардың саны – 50 468. Бұл санды өткен жылмен салыстырар болсақ, көрсеткіш 1%-ке өскен», - деді директор.

Осы орайда ол ҰБТ-дан тиісті балды жинай алмаған түлектерге тоқталды.

«Ал ҰБТ-дан өте алмағандардың саны – 8 499. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1%-ке төмен. 3 түлектің ҰБТ нәтижесі күшін жойды. Жалпы Қазақстан бойынша орташа балл – 83. Өткен жылмен салыстырғанда орташа балл 3%-ке артқан. Былтырғы көрсеткіш – 80%», - деді Рамазан Әлімқұлов.

Оның айтуынша, ҰБТ-да әлі ешкім ең жоғары 140 балл алмаған.

Айта кетейік, түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді енді 5 күн тапсырады.

Дәурен ЕРБОЛАТ

МАСҚАРА! Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін MC Сайлаубекті білуің міндетті (ВИДЕО)

Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түскісі келетін талапкер араққа тойып алып, түсініксіз тілде ән айтатын атыраулық «әнші» МС Сайлаубек туралы білуі тиіс. Өйткені, оқу орнына түсуге арналған тест кітапшасында қазақ рэпері туралы сұрақ кездеседі.

ҰБТ-ның 3 күнінде 31 оқушы тестілеуден шығарылған

Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы үш күнінде 58 343 түлек тест тапсыруға қатысқан. Олардың 31-і ҰБТ ережелерін бұзғандығы үшін тест тапсыру залынан шығарылыпты. Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.