$ 494.87  520.65  4.91

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылды

Ал, Біртанов ісі бойынша тергеу мерзімі 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қылмыстық-процестік кодекстің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот шешім шығарды: Елтан Амантайұлы Біртановты үйқамаққа ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 9 айға дейін ұзартылды, яғни 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдеге дейін. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініштері қаралмайды. Бұл туралы қаулыны тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева оқып берді.

Еске сала кетейік, 8 маусымда мамандырылған ауданаралық тергеу сотында экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Прокурор соттан бұрынғы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін созуды сұрады.

Одан бөлек, мемлекеттік айыптаушы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау жағдайын күшейтіп, жақын туыстарынан басқа адамдармен сөйлесуіне тыйым салуды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен байланысуды есепке алмағанда, оның үйден шығыуына тыйым салуды сұрады.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары бұл іс бойынша тергеу мерзімін 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұзартқаны айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары