$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Өңірде төтенше жағдай жариялау үшін бірнеше органдардың келісімін алуы керек болғандықтан, жергілікті атқамінерлер осы күндері құзырлы органдар тексерісінің нәтижесін күтіп отыр.

Төтенше жағдай құрғақшылық пен мал азығының жетіспеуіне байланысты енгізілуі мүмкін. Ұсынысты Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі жасады. Онда қазірдің өзінде 500-ге жуық ірі қара өлген, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Өлген малдардың өлекселері сараптамаға жіберілді. Ал тірі малдарды сақтап қалу үшін жергілікті билік төмендетілген бағамен жем-шөп жеткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде құзырлы органдар тексеру нәтижесін күтіп отыр. Өйткені, өңірде төтенше жағдай жариялау үшін бірнеше органдардың келісімін алу керек.

"Аудандағы малды азықтандыру үшін 7 520 тонна шөп қажет. Бүгінге дейін 560 тонна әкелінді. Бағаны ұстап тұру үшін біз жеткізу шығындарын жабуды жоспарлап отырмыз", – дейді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Оның айтуынша, табысы төмен отбасылар үшін жем-шөп тегін беріледі. Қазіргі кезде бұл мақсаттағы шығындардың есебі бөлек жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары