09.06.2021, 13:00

Еліміздегі салқын ауа райы қашанға дейін сақталады?

фото: news.myseldon.com
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді.

«Қазгидромет» РМК 10-12 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Күшті жел, жаңбыр немесе бұршақ – сейсенбіге арналған ауа райы «Қозғалысы баяу оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды. Осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел, бұршақ болжанады. Сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне скандинавиялық кезекті суық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін, оңтүстікте 7-18 жылыға дейін, күндіз 22-35 жылыға дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді.

 

Тегтер: ауа райы