$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында әйелін қатыгездікпен өлтірген парашют спортының экс-президенті сотталды

Кісі өлтіру ісі жабық сот отырысында қаралды
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Павлодар облысында әйелін ұрып өлтірген парашют спортының экс-президенті сотталды. 43 жастағы азамат әйелін аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке.

Кісі өлтіру ісін жабық сот отырысында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады.

Облыстық парашют спорты федерациясының бұрынғы президенті Руслан Феклистовке төтенше жағдай кезінде аса қатыгездікпен кісі өлтірді, кішкентай өгей қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілін  қорлады деген айып тағылды.

Істің мән-жайы заң бойынша жария етілмегендіктен, іс жабық сот отырысында қаралды. Сотта прокурор федерация президентін 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленуші тарап оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды, сотталушының өзі және оның қорғаушысы ақтауды сұрады.

«Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деп хабарлады облыстық МАҚС судьясы Нұрлан Айтпаев.

Алғашқы бес жылда сотталған адам жазасын толық қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Бұл - қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін жазаның ең ұзақ мерзімі.
Жәбірленушінің – қайтыс болған әйелдің әпкесінің пайдасына Федерация президентінен моральдық зиян  - 5 миллион теңге, дәл осындай сома қайтыс болған әйелдің жәбірленген қызының заңды өкілінің пайдасына өндірілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Парашютші әйелін мас күйінде аяусыз сабағаны белгілі. Сонымен бірге ол өгей қызын ұрған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ашулы адамды «тыныштандыру» үшін газ баллондарын қолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары