$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда жұмысшының үстіне балқытылған металл құйылып кетті

Жұмысшы дереу ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Өйткені, денесінің 90 пайызы күйіп қалған.

Павлодардағы зауыттардың бірінді оқыс оқиға тіркелді. Жұмысшының үстіне балқытылған металл құйылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне төгілген. Дереу ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Өйткені, денесінің 90 пайызы күйіп қалған. 32 жастағы марқұм зауытта металл кесуші болып жұмыс істепті.

“8 маусымда сағат 23-те 1989 жылы туған "Кастинг" жауапгершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерімен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Қазіргі уақытта осы тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда”, – деді Павлодар облысы бойынша еңбек инспекторы Ербол Сайфуров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары