$ 498.34  519.72  4.85

Астаналықтарға үндеу: Вокзал аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда ескі вокзал аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды NEGE  Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылғы 10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі 7) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.

"Оқу-жаттығуы әртүрлі күрделі элементтерді ескере отырып, барынша әскери жағдайға жақын өткізіледі. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты түрғындарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деді штаб өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары