$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Түнде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

11 маусымда Алматы мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұма күні ауа райы қандай болады
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бесқарағай аймағында өрт қаупі өте жоғары болады деп күтілуде. Күндіз Өскеменде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Семейде күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысында найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Түстен кейін оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ.
Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с болады.

Алматыда найзағай ойнайды деп болжанды.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.  
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.

Түнде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары