$ 498.51  522.84  4.81

Шымкентте қызды құтқарамын деп өз өмірін қиған ер азамат туралы жаңа деректер айтылды

Кеше Шымкентте кішкентай қызды құтқарамын деп өзі көлік астына түсіп қайтыс болған ер азамат туралы хабарлаған болатынбыз. TVK телеарнасының мәлімдеуінше, марқұм сол оқушы қыздың әкесі болған. Ал, оларды қаққан көлік жүргізушісі көмек көрсетпей, оқиға орнынан қашып кеткен екен.

Сол маңда болған куәгерлер Audi маркалы көліктің номерін жаттап алып, полицейлерге оны ұстап беруге көмектесіпті. Ұсталған күдікті 60 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазір жас егде тартқан кісі уақытша ұстау изоляторында.

Қазір кішкентай қыз балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оның денсаулығына төніп тқрған қауіп жоқ. Апат болар сәтте әкесі оны денесімен жауып қалған болатын. Ал, қайтыс болған ер азаматтың артында төрт баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары