$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Тұрғымбаев Әсел Айтпаеваның өлімі жайында пікір білдірді

Қазақстан тарапы осы мәселе бойынша Грузия полициясымен тығыз жұмыс істеп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен брифингте Грузияда көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан тарапы осы мәселеде Грузия полициясымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

«Осы қылмыстық іс бойынша бізде бірқатар тергеу жұмыстары жүргізіліп, адам саудасы туралы іс қозғалды. Негізгі айыпталушы ұсталды, қамауға алынды, бірнеше тергеу амалдары жүргізілуде. Біз Грузия полициясымен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Мен мұнда тергеу материалдары тергеу әрекеттері аяқталғанша жария етілмейтінін айтқым келеді», - деп жауап берді министр.

Еске салайық, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. 12 мамырда марқұмның денесі елге жеткізіліп, Қабанбай батыр ауылына жерленді.

Кейінірек Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды. Бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша оның туысы М.Мейірбеков ұсталып, күдікті екі айға қамауға алынды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары