$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да мас күйдегі екі жігіт жолай өтіп бара жатқан әйелді орманға апарып зорлаған

Олар әйелді егер ол полицияға хабарласса, оны тауып, кек аламыз деп қорқытты.

Батыс Қазақстан облысында екі ер адам орманнан өтіп бара жатқан 32 жастағы әйелді ұстап алып, зорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” басылымына сілтеме жасап.


Облыстық полиция департаменті Бөрлі ауданының 33 жастағы тұрғыны мен Орал қаласының 46 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау" бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр.

“Әйел кешкі уақытта орман алқабының бойындағы соқпақ жолмен жүріп келе жатқан, ал ұсталғандар сол жерде спирттік ішімдіктер ішіп отырған. Олардың бірі әйелді байқап, оған қарай жүгірді, оны қылқындырып, күшпен орманға сүйреп апарды, екеуі әбден қорлаған. Осыдан кейін олар қорқытып, физикалық зорлық-зомбылық көрсете отырып, оны алкогольдік ішімдік ішуге мәжбүр етті. Олар әйелді егер ол полицияға хабарласса, оны тауып, кек аламыз деп қорқытты. Әйел зорлаушылардан қашып құтыла алды, бірақ үйге келгенде ол біраз уақыт шок жағдайында болған және полициямен бірден байланысқа шықпаған. Ол түнгі сағат 1:00-ге қарай хабарласты, тергеу жедел тобы оқиға орнына шықты,  үш сағаттан кейін күдіктілер үйдің аулаларының бірінде ұсталды, олар ішімдік ішуді жалғастырған”, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың екеуі де бұрын ұрлық және қарақшылық үшін сотталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары