$ 498.34  519.72  4.85

Шаңды дауыл, бұршақ: 12 маусымға арналған ауа райы болжамы

Оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Синоптиктер 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік және орталық аудандары антициклонның ықпалында болады. Сондықтан көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Ал еліміздің басқа аумақтарында атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауыл соғады. Жел күшейеді.

Оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде бұршақ жауады, дауыл тұрады, күшті жел соғады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел қарқыны 25 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады. Маңғыстау облысында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел жылдамдығы - 15-20, 25 м/с.

Қостанай, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы