$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан-қытай шекарасындағы пункттер уақытша жабылды

14 маусымнан бастап «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді.

 Қытай тарапының «Дуань-У» (айдаһар қайықтары мейрамы) мерекесін тойлауына байланысты екі елдің шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің негізінде 14 маусымнан бастап «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді.

«Қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автомобиль («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») жұмыс істейтінін, олар арқылы жалғасып отырған карантиндік шектеулерге байланысты тек жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатынын еске саламыз.

Көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдарының қозғалыс бағдарларын алдын ала түзету үшін хабарлаймыз», делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары