$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбеде жасөспірімдер көлік «капотына» мініп көңіл көтерген (ВИДЕО)

Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ақтөбеде видеоға түсу үшін автокөліктің капотына отырып алған екі жасөспірімнің біреуі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Көліктің  алдына  отырып  видеоға  түспек болған жасөспірімдер келеңсіз жағдайға тап болды. 

Бірнеше жасөспірім өзен жағасына демалуға барады. Сөйтіп, олардың бірі туысының "Жигулиін" рұқсатсыз мініп кеткен. Жас балалардың есіріп, шеттен шыққаны соншалық қайтар жолда екі бала жүріп келе жатқан көліктің алдыңғы капотына отырып, видеоға түспек болады.

Осы кезде жасөспірімнің бірі көліктен құлап, ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары