$ 494.87  520.65  4.91

Көбейтұз көліне келушілерге тыйым салынды

Себебі, су қоймасының гидрохимиялық құрамы мен нормалары индикаторлар рұқсат ететін шектен асып кеткен.

Ерейментау ауданының әкімдігі көлге келуге тыйым салынғандығын  ескертеді. Себебі,  «Эколукс-Ас» ЖШС экологиялық сараптама орталығының сараптама нәтижелері бойынша, су қоймасының гидрохимиялық құрамы мен нормалары индикаторлар рұқсат ететін шектен асып кеткен. Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.

Көлдің гидрохимиялық құрамында нитраттардың мөлшері нормадан екі есе, аммоний азоты – 900 есе, аммиак – 840 есе, нитриттер – 18 есе, хлоридтер – 1150 есе, сульфаттар – екі есе, мышьяк – 15,58 есе артық. Келушілер қауіпсізідігіне байланысты әкімдік осындай шешім қабылдаған.

Көбейтұз көлі – ағынсыз тұзды көл. Оның ауданы 690 гектар, тереңдігі бір жарым метрге дейін барады. Көл Ақмола облысындағы Ерейментау ауданы аумағында орналасқан.

Көл өзінің ерекше қызғылт түсімен танылып, туристерді қатты қызықтырады. Көлдегі тұзды балдырлар  оған қызғылт түс беріп, табиғаттың тартымды мекеніне айналдырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары