$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте бір мектепті қос директор басқарып отыр

Әсет Сатыбалдиев ата-ана мен мұғалімдер арыз жазған соң қызметінен өз еркімен кетіп, орнына орынбасары заң жүзінде тағайындалған еді. Бірақ араға жарты жыл салып өз еркімен кеткен экс-директор сот шешімімен қайта келген. Алайда, "конкурстан өтіп заңды тағайындалдым" деген тағы бір директор Арапбай Урусов та басшы қызметінен бас тартқысы келмейді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Шымкентте бір мектепті қос директор басқарып отыр. №125 мектептің бұрынғы басшысы Әсет Сатыбалдиев ата-ана мен мұғалімдер арыз жазған соң қызметінен өз еркімен кетіп, орнына орынбасары заң жүзінде тағайындалған еді. Бірақ араға жарты жыл салып өз еркімен кеткен экс-директор сот шешімімен қайта келген. Алайда, "конкурстан өтіп заңды тағайындалдым" деген тағы бір директор Арапбай Урусов та басшы қызметінен бас тартқысы келмейді деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қос билік орнаған білім ошағындағы ұстаздар білім бөлімінің алдына жиналды. Олар Әсет Сатыбалдиевті қызметінен босатуын сұрап, қалалық білім басқармасына барған. Бірақ басқарма басшысы Жанат Тәжиева мектеп директорын тағайындауға қауқарсыз екенін жеткізген. Дегенмен, Әсет Сатыбалдиевті жұмыстан босатуды сұрап сотқа арыз түсіргенін айтқан. 

"Бұл Жоғары соттан да халықтың өтініші қанағаттандырылады деп ойлаймын. Сотқа шағым түсірдім", - дейді ол.

Айта кетейік, Әсет Сатыбалдиев мектеп ашылған 2017 жылдан былтырға дейін басшы болған. Алайда, өткен жылы қараша айында мұғалімдер ол басшы болған үш жылда ақша жинаудан көз ашпағандарын айтып, үстінен құзырлы орындарға арыз түсірген. Осыдан кейін ол өз еркімен жұмыстан кетіп, орнына орынбасары Арапбек Урусов тағайындалған. Бірақ өткен аптаның соңында бұрынғы басшы қайта келіп, салдарынан әр аттестатқа әр басшының тегі жазылуда екен.

"Мына жерде Сатыбалдиевтің тегі мөрімен қоса жазылып тұр. Ал мына жерде басқа адамның аты-жөні жазылған. Ол жерде мөр жоқ. Сонда біз не істеуіміз керек?", - дейді ата-ана Айжан Изатуллаева. 

Десе де, кейін тағайындалған Арапбай Урусов директорлық қызмет үшін соңына дейін күресемін деп отыр.

"Өзіме жеке адвокат жалдап, сот шешімін бұздыруға тырысамын. Неге? Өйткені мен заңдымын, конкурстан өткенмін. Мен біреудің орнын тартып алған жоқпын. Заң бойынша енді шығаруға болмайтынын білем, бірақ бір мекемеде екі басшы болуы мүмкін емес. Біреуді заң жүзінде босату керек шығар", - дейді ол.

Ал Әсет Сатыбалдиев әлдекімдердің арандатуымен байқамай, өз еркіммен жұмыстан кеткені рас екенін айтады.

"Мен ешкімге ақша жина деп айтқам жоқ. Жұмыс істеліп жатыр. Егер менің артымнан жазатын болса, істеген нәрселерін алып кете берсін. Мен ешкімге ештеңе демеймін. Ол мектептің балалары үшін. Ертең бәрі жұмысқа түседі, одан кейін осы кісілердің барлығын жеке-жеке шақыртамын. Отырып алып сөйлесеміз, бәрін білеміз", - дейді Әсет Сатыбалдиев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары