$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда жоғалып кеткен туристің денесін тас басып қалған

Мәйіт табылған жерге тікұшақ жақын ұшып бара алмаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Құтқарушылар Сайрам-Өгемде жоғалып кеткен туристің мәйітін қалай тапқандары туралы айтты. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ТЖД айтуынша, 17 жастағы баланың денесі Түркістан облысының Өгем өзенінен табылған. Іздеуде болған екі туристің бірінің денесі 12 маусымда 16:20-да табылды. Оның өлі денесін тас басып қалған.

Түркістан облысы ТЖД басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев:

– Мәйіт табылған жерге тікұшақ жақын ұшып бара алмады. Құтқарушылар арқанмен өзен үстінде өткел жасақтап, мәйітті жағаға алып шықты, – деді.

Анықталғандай, мәйіт 2004 жылғы жоғалып кеткен туристікі. Оны әкесі таныды.

Еске салсақ, 21 мамырда жеті адам тауға шыққан. 24 мамыр қайтып келулері керек еді. Кейін оларды іздеу шаралары ұйымдастырылды. 3 жігіт бірнеше күннен кейін табылды.

Табылған туристер жоғалып кеткендіктен, бөлінгендерін айтты.

Қазіргі таңда екі туристің өлі денесі табылды. Ал 12 маусымда тағы бір туристің мәйіті анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары