Бауыржан Байбек сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласы Әуезов ауданының No2 аудандық соты Алматы қаласының экс-әкімінің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қатысты талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Сот айыпталушылар таратқан барлық мәліметтер ешқандай дәлелмен расталмайды, негізсіз және ойдан шығарылған деп қорытынды жасады, - делінген сот хабарламасында.
Айта кету керек, барлық ақпараттың сүйенген дерек көзі тек сыбыс пен ойдан шығарылған, тексерілмеген ақпараттан тұратын анонимді телеграмм-арна болып табылады.
2021 жылы сәуірде сотталушылар YouTube видеохостингінің "Демократиялық Қазақстан / Демократический Казахстан" арнасына 4 видео орналастырды. 2021 жылғы 10 сәуірдегі видеоның көшірмелері сотталушылардың Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында да орналастырылды.
Мамай мен Иманбаева әлеуметтік желілерде берілген ақпараттың шындық екенін дәлелдей алмады. Сот ісінің бірқатар тармақтары бойынша өз ұстанымдарын қолдау үшін олар тек әлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға сілтемелер берді. Олар талаптың бірқатар тармақтарымен мүлдем келіспеген, - делінген хабарламада.
Талапкерді қылмыс жасады деп айыптайтын тексерілмеген әрі жалған ақпарат тарату арқылы сотталушылар оның моральдық құқықтарын бұзды.
Сот жауапқа тартылушыларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды теріске шығарып, оны жоюға бұйрық берді.