Синоптиктер Қазақстанға 16 маусымға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ жауып, өткінші жаңбыр жауады. Қалған облыстарда ауа-райы негізінен жаауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан тұман күтіледі, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Жамбыл облысында күндіз жел екпіні 15-20 м / с, ал күшейгенде 23 м / с құрайды, тауда бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Түркістанда, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, жел екпіні - 15-23 м / с.
Батыс Қазақстанда, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде жел тұрады, екпіні - 15-20 м / с, Батыс Қазақстан облысында бұршақ түседі деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстанда, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м / с жылдамдықпен күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар,Солтүстік Қазақстстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні түнде - 3-8 м / с, күндіз 9-14 м / с күшейеді. Ауа температурасы түнде + 15 + 17 ° С, күндіз + 30 + 32 ° С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 2-7 м / с. Ауа температурасы түнде + 14 + 16 ° С, күндіз + 27 + 29 ° С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні - 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде + 17 + 19 ° С, күндіз + 33 + 35 ° С.