$ 444.22  476.38  4.82

Төсек жаймасы арқылы балконнан түспек болған: Екібастұзда ер адам көз жұмды

Ер адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Екібастұзда 46 жастағы ер адам биіктіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екібастұз қаласындағы Энергетиктер көшесінде 46 жастағы ер адам алкогольді мас күйде үшінші қабаттағы балконнан төсек жаймасы арқылы төмен түспек болып, құлап кетті», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ер адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Алайда ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, 8 маусым күні Павлодарда 47 жастағы әйел мас күйде бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен болатын. Аман қалған ол жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары