$ 449.3  489.69  4.89

Елімізде 50 педофил бостандыққа шықты

"Сексолог маман педофилді емдеу екіталай, себебі ол психопатология", - дейді.

Биыл қамау орындарындағы 50 педофил бостандыққа шықты, олар кәмелет жасқа толмағандарды зорлаған. Бүгінде елдегі колонияларда 1 861 педофил жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы телеарнасы. 

Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы кәмелетке толмаған қазақстандықтарға қарсы құқық бұзушылықтар саны өсті. Педофилдердің әрекетінен қаңтардан сәуірге дейін 1 000 бүлдіршін зардап шеккен. Оларды зорлап, азғырып, өзіне қол жұмсауға итермелеген.

"Кейінгі бес жылда елімізде балаларға қатысты 3 893 зорлық дерегі тіркелген. 2016 жылмен салыстырғанда 2020 жылы кәмелетке толмағандарды зорлау 45,8 пайызға өскен. Қылмыстық-атқару органдарының орнына пробация қызметі құрылды, оның негізгі міндеті - сотталған адамды түзеу және қайта тәрбиелеу болған. Бірақ олар әлі бұрынғыдай жұмыс істеп жүр. Бұл істе ресмилік көп", - дейді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.  

"Бостандыққа шыққан қылмыскерлерге қатысты заңды қадағалаушы бекітіледі, оған соттың шешімімен бес жыл мен сегіз жыл аралығындағы уақыт беріледі. Олар құқыққорғау органдарының бақылауында болады", - дейді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова.

Ал сексолог Ирина Ким педофилдің өзгеруі мүмкін емес екенін айтады.  

"Шынайы және жалған педофилия бар. Жалғаны ешқалай емделмейді, оны ешкім ұстап қала алмайды. Оны емдеу екіталай, себебі ол психопатология. Адамдарды осындай парафилиядан қорғап қалудың жалғыз жолы - химиялық кастрация", - дейді Ирина Ким.  

Биыл бостандыққа шыққан 50 педофилдің қаншауына химиялық кастрация жасалғаны әзірге белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары