$ 445.66  474.58  4.78

Үш жасар бала тірідей жанып кетті: Ақтөбе облысында көлік өртенді

Полиция басқармасының мәліметінше, көлік өртеніп кетіп, балалардың біреуі көліктен шыға алмай қалған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында автокөлік өртеніп, бір бала көз жұмды екіншісі қатты күйік алды, деп хабарлайды Stan.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16 маусым күні Әйтеке би ауданы Еңбек ту кентінде екі бала үйдің ауласында тұрған "Ваз 2106" автокөлігінің салонында ойнаған. Полиция басқармасының мәліметінше, көлік өртеніп кетіп, балалардың біреуі көліктен шыға алмай қалған. 

“Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп кетті. 7 жасар бала жанып жатқан көліктен шығып қатты күйік алған. Ал оның 3 жасар інісі көліктен шыға алмай, өртеніп кетті. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда”, – деп хабарлады облыстық полиция басқармасының бастығы Атығай Арыстанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары