$ 492.65  525.71  5.03

Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған 11 шенеунік қызметінен қуылды

Қазіргі таңда бюджетті тиімсіз қолдану бойынша тек екі әкімшілік жаза қарастырылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік аудит органдары 570 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтаған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мемлекеттен бөлінген қаражатты тиімсіз жұмсауды болдырмас үшін жауапкершілікті күшейту керек деген ойда.

– Әр теңге тиімді жұмсалуы керектігін ескерсек, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз былтыр бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз, – деді Годунова.

Қазіргі таңда бюджетті тиімсіз қолдану бойынша тек екі әкімшілік жаза қарастырылған. Наталья Годунова «заңға тағы үш жаңа норма енгізу керек» дейді.

– 2021 жылдың басынан бері 11 лауазымды тұлға жазаланды. Норманы оңды-солды қолдану фактілері кездескен жоқ. Заң бұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға септігін тигізуде. Бірақ, әзірге тек оның қолданылу аясы өте тар, – деді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары