Алматыда осыдан біраз жыл бұрын заң бойынша қоршауларын алып тастаған ғимараттардың маңына қайтадан қоршаулар қойыла бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қоршаулардың қайтадан қойылып жатқанын байқаған халық қаладағы бұл үрдісті әкімдердің ауысуымен тікелей байланыстырған. Бұрын заңсыз қойылған деп алынып тасталған қоршауларды қайта ортану тұрғындар арасында түсініспеушілік тудырды. Оқиғаға қатысты қалалық урбанистика және жоспарлау басқармасы түсініктеме берді.
Олардың сөзінше, республикалық маңызы бар қалаларда, елордада, аудан орталықтарында шағын сәулеттік пішіндер мен қоршауларды салуға рұқсат берілген. Алайда, ғимарат аумағын тұйық немесе темірбетон қоршауларымен қоршауға боламайтын көрінеді.
"Мұнда жүрген ақын-жазушы, чемпиондар - сатқындар": Митинг кезінде 7 сағат бойы қоршауда болған белсенді оқиғаның қалай өрбігенін айтты
Алматыда аурухана қүзетшісі "мас күйінде" видеоға түсіп қалған (видео)
“Нобайлық бойынша жобалау құжаттамасынсыз тапсырыс беруші Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша шағын сәулетік пішіндерді салуды,
аумақты қоршауды жүзеге асыра алады. Қоғамдық, тұрғын үй, рекреациялық мақсаттағы аумақтарда тұйық және темірбетон қоршауларды жобалауға тыйым салынады”, – деп мәлімдеді қалалық урбанистика және жоспарлау басқармасы.
Қоршау қою арнайы талаптарға негізделіп жүзеге асырылады. Бұл талаптарға сай келмейтін қоршаулар сүріледі, ондай қоршаулар қоюға рұқсат жоқ.
"Елді мекендерді абаттандыру орталық аумағында, қалалық көп функционалдық орталықтарда, магистралдық қоғамдық аймақтарда металдан, шойыннан құйылған немесе темірден дәнекерленген қоршауларды жобалаған жөн. Қоршауды бүйір бөлігін табиғи тастан немесе әрлеу материалдары бар бетоннан, көбінесе, жеке жобалау жұмыстары бойынша жүзеге асырылады. Қоғамдық, тұрғын, рекреациялық мақсаттағы аумақтарда сәндік металл қоршауларды қолдану ұсынылады”, - деп мәлімдеді урбанистика және жоспарлау басқармасы
Еске салсақ, үкіметтің қаулысымен мемлекеттік қорғалуға және аумағы міндетті қоршалуға жататын нысандардың тізімі арнайы бекітілген.