ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі триллион теңгені термиттер жеп қойды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл – фэйк», - деді Ұлттық банктің бапсасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджер арқылы Ұлттық банкте сақталып тұрған триллион теңгені термиттердің жеп қойғаны туралы ақпарат тараған болатын.