18.06.2021, 12:20

Пандемияның үшінші толқыны басталды

фото: tengrinews.kz
Саны шектеулі болғандықтан, ол тек созылмалы аурулары бар адамдарға және қарт азаматтарға ғана егілді.

Қызыл аймаққа енген Бішкекте шектеулер қайтадан енгізілді. Қалада эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылап, жиі рейд жүргізіледі. 15 маусымда қабылданған қаулы бойынша енді мұнда кафе-мейрамхана, кинотеатр, балалар алаңы жартылай ғана істейді.

Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатқанын өткен аптада денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев мәлімдеген. Жақын арада елге Sinopharm вакцинасының 150 мың дозасы, сондай-ақ Спутник V-дің 80 мың дозасы жеткізілмек. Сәуір және мамырда Қырғызстан Ресейден екі траншпен вакцинаның 40 мың дозасын алған. Саны шектеулі болғандықтан, ол тек созылмалы аурулары бар адамдарға және қарт азаматтарға ғана егілді.

Пандемия басталғалы республикада барлығы 112 777 кейс тіркелген. Өткен тәулікте Бішкекте 368 адамнан вирус анықталып, төрт науқас қайтыс болған.