Қазақстанда 19 маусымда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік-шығысында және орталығында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Тек батыста және оңтүстік-батыста ауа-райы жауын-шашынсыз болады, - деп нақтылады метеорологтар.
Сонымен қатар, республикамыздың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Маңғыстауда, Шығыс Қазақстанда, Алматы облысында кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтіледі, - дейді "Қазгидромет" РМК.