Жаңалықтар 19.06.2021 сағат 04:45

Павлодар орманында өрт шықты (ФОТО)

Сағат 15-00-де барлық ошақтар уақытында оқшауланды.
Павлодар орманында өрт шықты (ФОТО)
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облысының Аққулы ауданында орналасқан "Ертіс орманы" орман қорынан өрт шықты. Төтенше жағдай туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, 18 маусымда 12 сағат 36 минутта Павлодар облысы Аққулы ауданының 101 желісіне "Ертіс орманы" орман қорында жану туралы хабарлама келіп түскен. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді.

ҚазАваиа күзету қызметкерлері тікұшақпен ұшып өткеннен кейін, Баймбет орманшылығында бес бөлек ошақтарда жану орын алғаны анықталды.


Өрт сөндіруге Павлодар облысы ТЖД құрамында жеке құрамнан 8 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ "Ертіс орманы" орман қорғауынан 60 қызметкер және 17 бірлік техникасынан жұмылдырылды. Сағат 15-00-де барлық ошақтар уақытында оқшауланды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар