Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Доссор-Құлсары тас жолында болған.
Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір Мақат аудандық ауруханасында.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдардың қаза болуы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.