19.06.2021, 19:03

Атыраудағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөзі
Тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Доссор-Құлсары тас жолында болған.

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір Мақат аудандық ауруханасында.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдардың қаза болуы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.