Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев цирк маңындағы субұрқақта екі қыз бен анасын ток ұрған оқиғаға қатысты Twitter-де жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Бұған дейін Алматыда субұрқақта екі қыз бен анасын ток соққаны хабарланған болатын.