$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім құрдасын пышақтап тастады

Олардың біреуі жағдайды реттеуге тырысып, түнде екіншісін көшеге шақырады, сол жерде ол оны ұра бастаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Алматы облысында 17 жастағы қыз өзінің құрдасын пышақпен жарақаттады. Полиция мәліметінше, облыстық ауруханаға Бастөбе ауылының 17 жастағы қыз ауыр жарақаттармен түскен деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Тергеу-жедел тобы қыздардың мектептен бастап жеккөрушілік қарым-қатынаста болғанын анықтады. Екі қыз көшеде жанжалдасып қалған. Содан кейін олардың біреуі жағдайды реттеуге тырысып, түнде екіншісін көшеге шақырады, сол жерде ол оны ұра бастаған.

Қыздардың бірі өз ауласына жүгіріп, ол жерден пышақты алып, өзін қуып келе жатқан қызды ұрып жіберді.

Қылмыс құралы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелген.

Кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының бақылауына алынды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы бап бойынша шектеу немесе 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары