$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген күдік бар.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың үнді штамына байланысты Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда Нұр-Сұлтанда «үнді штамы табылды деген күдік бар.  

«Вирустың репродуктивті индексі 1-ге тең, бірақ біз әлемде және шекаралас елдерде жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни, коронавирустың жаңа штамдары тез тарайды. Нұр-Сұлтанда скрининг жүргізілді, сондықтан мұнда Цой (Алексей - денсаулық сақтау министрі. - автор.) дельта-штамм (үнді штамы) барын айтты. Осыған байланысты өңір әкімдері ахуалды бақылауға алуы тиіс. Бүгінгі таңда ВАК отырыс өткізіп, Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі шараларды қарайды», - деді Тоғжанов Үкімет отырысында.

Ол адамдар көп жиналатын жерлерде қашықтық сақталуы керек екенін де айтты.

«Адамдар жеке қорғаныс құралдарын қолдануы керек, сонымен қатар, барлық аймақта мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажет, ал қоғамдық орындарға келгендер қорғаныс шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ, Ashyq қосымшасы бойынша өтіңіздер. Өңір әкімдері, барлық мемлекеттік орган осы жағдайды бақылауы тиіс», - деді Тоғжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары