$ 449.3  489.69  4.89

Түркістан-Ташкент бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Апта басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан «Түркістан-Ташкент» бағытында отандық әуе компанияның ұшағы көкке көтерілді. Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген.

Аталған бағыттағы билеттің құны 9 999 теңгеден басталады. Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақпен жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта билеттерді брондау бүгіннен басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары