$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда тұрғындар шұрқ-тесік жолдарды өздері жөндеуге көшкен

Қала әкімдігі желіде тараған фотоға қатысты пікір білдірді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы Приозерный кенті тұрғындарының елді мекендердің арасын жалғайтын шұрқ-тесік жолдарды жамап жүрген фотолары пайда болды. Lada.kz порталының жазуынша, кент тұрғындары әкімдіктен көмек күтпестен, жолдың шұңқырға айналған жерлеріне өз көлігімен тас жол төсенділерін әкеліп, жөндеп жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, ертеңнен бастап Приозерный кентінде жөндеу жұмыстары басталады.

«Биыл сәуір айынан бастап, қаланың орталық автомобиль жолдарына ағымдағы шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп бастады. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Ақтау қаласы 25 шағынауданнан «ҚазФрут» дүкені арқылы Приозерный тұрғын-үй массивіне баратын #6а автомобиль жолына ағымдағы шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жыл басында жоспарға енгізілген. Жөндеу жұмыстары 23 маусымда басталады», - делінген әкімдік жауабында.

Lada.kz порталының, мұндай жағдай Маңғыстау облысында бірінші рет болып тұрған жоқ. 2019 жылы Басқұдық, Атамекен, Теңге ауылдарының тұрғындары ауыл арасындағы жолдарды өздері жөндеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары