$ 494.87  520.65  4.91

Өз - өзін өлтірмек болған «Завучты» кімнің аман алып қалғаны белгілі болды

Ордабасы ауданындағы мектептердің бірінде қызмет атқаратын әйел, жіпке асылып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Желіде Түркістан облысы А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратова өзіне қол жұмсап, қазір жансақтау бөлімінде жатқаныны жайлы ақпарат тарады.

Түркістан облысында өз-өзіне қол жұмсаған әйел бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әлеуметтік желіде қисынсыз сөздер айтқан мектеп директорының орынбасарын өзіне қол жұмсағаны жайлы ақпаратты журналист Сардар Әбдіжақия өзінің Facebook парақшасында хабарлаған.

Журналист Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратова өзіне қол жұмсап, қазір жансақтау бөлімінде жатқаны жайлы ақпарат таратты. "Әзірге есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер нақты ештеңе айта алмайтынын, егер өзіне келмесе санавиация шақыратыны туралы ауызша ақпарат алдым" - деп жазды Сардар Әбдіжақия.

Оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті түсініктеме берді. “19.06.2021 жылы сағат 23:00-де Ордабасы АПБ-ға  жергілікті тұрғындардың бірі  үйінде өз-өзіне қол жұмсауға оқталғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарлама алысымен  оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлердің анықтауынша: Ордабасы ауданындағы мектептердің бірінде қызмет атқаратын әйел, жіпке асылып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған.

Осы сәтте үйіне көрші туысы келіп қалып, бірден көмектескен. Аталмыш жайттан кейін әйел  Ордабасы аудандық орталық ауруханасының  жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.Бұл жайт Ордабасы АПБ-да ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде”,  – деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Ұлжан Елмұратованы моральға қайшы іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылған, "директор" лауазымынан айрылды.

Еске салсақ, Түркістан облысындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бейәдеп қылығы әлеуметтік желіде тараған еді. Мектеп директорының орынбасары Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны. 34 жастағы келіншек Айтбай Шерімқұлов атындағы орта мектептегі жоғары лауазымды қызметке тағайындалғанына көп болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#суицид