Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Бүгін - мемлекеттік қызметші күні. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін азаматтарды осы мерекемен құттықтаймын! Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні ретінде атап өтіліп келеді.
Бұл атаулы күннің тарихы ХХІ ғасырдан бастау алады. 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған болатын.
Араға 10 жыл салып, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым бізде де мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.