$ 494.87  520.65  4.91

Ұшуға рұқсат беру мерзімін 6 айға дейін ұзарту жоспарлануда

Бүгін авиакомпанияларға ұшу рұқсаты мерзімін 1 айдан 6 айға дейін ұзарту мәселесі талқыланған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Көлік және коммуникация министрілігінде көлік және туристік салалардағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі кешенді шараларды қабылдау мақсатымен құрылған жұмыс тобының отырысы өтті.

Туроператорлардың тұтынушыларға деген соңғы кезде қайталанып отырған қызмет көрсету жағдайлары аталған жұмыс тобын құруға себеп болды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесуге Азаматтық авиация комитеті, KAZLOGISTICS Қазақстан тасымалдаушыларының одағы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туроператорлар, Туризм индустриясы комитеті, Халықаралық әуе көлігі ассоциация (ИАТА), Air Astana және Scat авиакомпаниялары, сонымен қатар Көлік прокуратурасы өкілдері қатысты.

«Қаралған мәселелердің қатарында қатысушылар авиакомпанияларға ұшу рұқсаты мерзімін 1 айдан 6 айға дейін ұзарту мәселесін талқылады. ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев қазіргі кезде бұйрық жобасы құзырлы ұйымдарға келісуге жолданғанын атап өтті. Әділет министрлігіне тіркеуге бір айдан кейін жолданады деп күтілуде», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары