$ 447.4  477.55  4.76

Жаңбыр, бұршақ, жел: Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге, 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ал 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады.

Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28, орталықта 20-35, солтүстік-батыста 25-40 градусқа дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары