$ 445.66  474.58  4.78

«Қазақ стилін көрсетемін»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Ол 26 маусымда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа ұшып барды, ол 26 маусымда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды  Vesti.kz. 

«Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болады, бұл туралы бүкіл әлем біледі. Вегаста болып жатқан нәрсе Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін», - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.

Жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко мен жапониялық Масаеши Накатанидің андеркартында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 27 маусымда таңертең болады. Трансляция сағат 08.00-де басталады.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке қазанда шыққан болатын, ол кезде аргентиналық Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірген. Ал Роб Брант соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың тамызында өткізіп, украиналық Виталий Копыленконы бесінші раундта жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары