Жаңалықтар 24.06.2021 сағат 11:20

Германияда неміс әжейді қазақтың әнімен ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

Жерлеу рәсімінде Қайрат Нұртастың орындауындағы «Ауыртпа Алла анамды» әні орындалған.
Германияда неміс әжейді қазақтың әнімен ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Германияда жерлеу рәсімінен түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда марқұм әжейді қазақ әнімен соңғы сапарға шығарып салды, деп жазады Stan.kz.

Германияда балалары анасының соңғы өтінішін орындады. Неміс әжей ұлы неміс музыканттары Бахтың немесе Штраустың музыкасын емес, қарапайым қазақ әнін қалаған. «Сағыныш! Туып-өскен жеріңді бағала!», - делінген қазақ әнінің мәтінінде. Видео желі қолданушыларды қатты толғандырды.

«Отанға деген сүйіспеншілік - ең мейірімді, ең жарқын сезім. Өмірдегі ең ұмытылмас нәрсе - бұл балалық шақ және жастық шақ, жақын достар мен қарым-қатынас, бәрі бала кезден басталады. Мүмкін ол Қазақстанға келе алмаған шығар. Осылайша Қазақстанда өзін білетіндердің бәрімен қоштасқан шығар», «Немістер дана халық, әсіресе біздің немістер! Туған жерге деген қандай құрмет», «Иә, жүрегім толқып кетті», «Отанды ештеңе алмастыра алмайды! Отан - бұл екінші анамыз деу бекер емес», – деді олар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар