Маңғыстау облысында сынықшыға барғаннан кейін қолынан айырылған баланың анасы мәлімдеме жасады. Айтуынша, ол бұған дейін де үлкен ұлынның қолы сынғанда емшіге апарып, емдеткен, деп хабарлайды Stan.kz.
Үндеу әлеуметтік желіде жарияланды.
Баланың анасы емшіге ешқандай шағымы жоқ екенін айтады. Оны жауапкершілікке тартпаймын деп отыр.
"Мен басыма берген сынақты ешкімге бермесе деймін. Негізінде менің сынықшыға ешқандай өкпем жоқ. Соттамаймын.
Осыдан бір жыл бұрын менің үлкен ұлым турникке тартылып ойнып жүріп құлап қолын сындырып алады. Ол кезе де дәл осы сынықшыға апарған болатынмыз. 1 айдан кейін балам Аллаһтың қалауымен жақсы боп кетті. Содан бір жыл өтіп, осы жағдай қайталынып отыр. Адам неден ем тапса, соған сенеді. Үлкен ұлым жақсы боп кеткенге осы Абдуллаһ та жақсы болып кетеді деген үміт болды.
Бірақ адамның емес, Алланың ойлағаны болдаы. Соны ұмытпағанымыз жөн. Абдуллаһтың жағдайында бәрі басқаша болды. Бұл оның тағдыры. Ол сынықшы қолынан келгенін жасады. Ол өзі де не болып жатқанын түсінбеді. Түсінген адамға медицина мен сынықшы қатар жүреді”, – дейді ол.
Айтуынша, дәрігерлер бала жолды көтермейтінін, тез арада ота жасап, қолын кесу керектігін айтқан.
Оның сөзінше, бұған дейін де сынықшы әйелдің дертін емдеуге көмектескен.
“Бала босанған соң қатты ауырдым, сол кезде дәрігерлер грыжа деді, осы сынықшыға төрт аяқтап бардым. Бір айдан кейін жазылып шықтым”, – дейді ол.
Әйел халық медицинасы әркімге әртүрлі әсер етуі мүмкін дейді.
Журналист Азамат Сәркенбаев қазақстандықтарға қолынан айырылған бала үшін қаражат жинап жатқан ата-анаға әрбір тиынға есеп берулерін сұрады.
“Анасының өзін ұстауы ашуыма тиді. Бар болған оқиғаны Құдайдың жазғаны деп отыр. Өзінің осындай сұмдық қателік жасағанын мойындағысы жоқ. Бірден кәсіби дәрігерлерге жүгінбеген. Шын жүректен ақшаның баланың еміне жұмсалғанын қалаймын, бірақ ата-ана есеп беруге міндетті”, – деді ол.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 8 жасар бала сынықшының салғырттығынан бір қолынан айырылды. Дәрігерлер баланың қолын аман алып қала алмады.